• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

Автор:admin

Июн 19, 2024
Spread the love
Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша бұл көрсеткіштерге босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен мамандарды шет елдерде оқытып, тәжірибе алмасуы септігін тигізген.
Ал, жоғары санатты қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарды оқыту, сонымен қатар мекемеде жоқ медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ауруханада жоқ бейіндерді ашу бойынша жоспарларын биыл сәтті аяқтаған.
– Соңғы 3 жылда балалар ауруханасының құрал-жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 75-тен 94 процентке өскен. Бұл ана мен бала денсаулығына көңіл бөлініп жатқанын көрсетеді. Барлық педиатриялық көмек бір орталықтандырылып, мамандар жұмылдырылған. Қабылдау бөліміне тәулігіне 450-500-ге дейін бала медициналық көмекке жүгінеді. Күніне 450-495-ке дейін науқас стационарлық көмек алады. Сонымен қатар біздің мекемеде тәулігіне 27-30-ға дейін операция жасалады. Тіпті қымбат оталарды да жасап жатырмыз. Қазіргі жеткен жетістік – эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға ВНС қондырғысын қою қолға алынған. Бұл операцияның құны – 9 миллион теңге. Екі корпустан құралған ауруханада 495 төсек-орын бар. Естеріңізде болса, пандемия кезінде COVID инфекциялық орталығы ашылған болатын. Сол нысан былтыр клиникалық балалар ауруханасының қолданысына берілді. Нәтижесінде бізде төсек-орын саны артып, орын тапшылық мәселесі шешілді, – дейді қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова.
Аурухана базасында былтыр пайдалануға берілген ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқа да мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен емдеп жатыр. Қазіргі таңда офтальмология бөлімшесін ашуға дайындық жұмыстары басталып кетті және ол үшін тиісті мамандар даярлану үстінде.
Жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласында 18 жасқа дейін тұрғындар саны — 470 мыңға жуық. Қалалық клиникалық балалар ауруханасы оларға жоспарлы және жедел медициналық көмек көрсететін жалғыз медицина мекемесі болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика