• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің үлкен жетістігінің бірі

Автор:admin

Авг 10, 2023
Spread the love

Еліміздегі сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары  Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді.
Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылады. Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап қоюларды, апелляциялық шағымдарды, электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ қосымша құжаттары мен өтінішхаттарды жолдау, іс бойынша мәртебесін көруге мүмкіндік береді.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет екендігін ескерген жөн. «Сот кабинеті» сервисінде ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық іспен танысу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, пуш –хабарлама арқылы сот отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабар алуға мүмкіндік береді, дайын болған сот актілерін алуға және атқару парағын сұратуға интернет желісі арқылы қолданушыға ыңғайлы кез келген жерде, аталған мобильды қосымша арқылы жүгіне алады.
Ол сот саласы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын төмендетіп, сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті төмендетуге ықпал ететінін атап өту қажет. Бүгінде «Сот кабинетін» пайдаланушылар ақпараттық сервис көмегі арқылы өзінің уақытын, жолға кететін қаржысын үнемдей алады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика