Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және экстремизм мен тероризмнің алдын алу мақсатында «ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ТОЛЕРАНТТЫ ҚОҒАМ» тақырыбында С.Әліұлы, І.Кеңесбаев, О.Кәдірханұлы, атындағы жалпы білім беретін мекемелердің жоғары сынып оқушыларымен, №1 колледж студенттерімен, Таукент кенті, Сызған ауылдық округі әкімдігінде ауыл тұрғындарының қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нін, теолог маманы Қосмаханов Қуаныш, және Ұлттық сараптамалық талдау орталығы ҚҚ-ның дінтанушы маманы Марат Қайратұлы деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны, олардың белгілері мен алдын алу жолдары, ҚР заңнамаларында көрсетілген нормативтер мен Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамалар айтылып жан-жақты ақпарат берілді.