• Пт. Июн 20th, 2025
Популярные метки

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 20, 2025
Spread the love
Түркістан облысы, Созақ ауданындағы «Жұмбақ тас» этнолагерінде «JasSAQ» телевизиялық этно-реалити жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған жобаны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастыруда. Этно-реалити форматындағы бұл жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық жас қатысып жатыр.
Салтанатты шараға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Нұралы қатысып, қатысушыларды жобаның басталуымен құттықтады. Ашылу рәсімінен кейін лагерь аумағында көңілді кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жастарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика