• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

СКРИНИНГТІҢ КӨМЕГІМЕН 1000-НАН АСТАМ АДАМНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫ ЕРТЕ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Май 21, 2024
Spread the love

Шымкентте жыл басынан бері скринингтің көмегімен 1000-нан астам адамның қатерлі ісік ауруы анықталды. МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен.
Скринингттік тексерулердің көмегімен қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтап, асқынулардың алдын-алуға болады. Медициналық профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері аталмыш тексеру аясында 3276 адамда қан айналымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам шымкенттікте қант диабеті мен глаукома дерті белгілі болған.
Жалпы, скрининг мінез-құлықтық тәуекел факторлары; артериялық гипертония; жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті; глаукома; жатыр мойны обыры; сүт безінің қатерлі ісігі мен колоректалды обыр; В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Тексерулер жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар; 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер мен тәуекел топтары арасында жүргізіледі.
Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында МӘМС жүйесінде скринингтік тексеруге ерекше мән берілген.
Қатерлі ісік ауруының қаупін азайту үшін:
-Шылым шекпеңіз! Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, тоқтатыңыз!
— Салмағыңызды бақылаңыз! Семіздіктің дамуына жол бермеңіз!
— Алкогольді, сыраны асыра пайдаланбаңыз;
— Балалар мен жасөспірімдер күн сәулесінде (15 минуттан артық) болмауын қадағалаңыз;
— Күннен қорғайтын кремдер пайдалаңыз және міндетті түрде көзілдірік тағып жүріңіз;
— Салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
— Профилактикалық скрининг-тексерулерден өтіңіз. Аман-сау болыңыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика