Кентау қаласында классикалық шахматтан 5 күнге созылған даңқты кенші «Сақ Мәуленқұлов мемориалы» атты республикалық турнир де өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Кентау қалалық спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Классикалық шахмат – 8×8 торда қатарға орналасқан 64 шаршыдан тұратын шахмат тақтасында ойналатын екі ойыншының үстел ойыны. Әрбір ойыншы 16 фигурадан бастайды: оның ішінде патша, бір патшайым, екі рыцарь, екі шұңқыр, екі епископ және сегіз пешка. Бұл шахмат ойынының мақсаты — қарсыластың патшасын тұтқынға алу қаупіне ұшыратып, мат алу.
– Бүгінде елімізде 200 мыңнан аса адам шахматпен шұғылданады. Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясының көмегімен және ФИДЕ-нің атсалуымен бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс. Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
55 ойыншы қатысқан жарыста Ерболатұлы Еркебұлан 1-орын, Тастанбек Абылай 2-орын, Асылхан Асия 3-орын алды. Ал, командалық есепте 1-орын Түркістан қаласы, 2-орын Қызылорда қаласы, 3-орынды Кентау қаласының құрамасы жеңіп алды. Кентау қаласының құрамасында Алиакбар Алижан, Аманбек Диас, Аманбек Димаш және Төлепберген Дастан ойнағанын атап өтейік. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!