• Вс. Июл 13th, 2025
Популярные метки

Сахнадағы сот пен сезім

Автор:admin

Июл 13, 2025
Spread the love

Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында үш күн бойы көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы сахналанды. Махаббат атты мәңгілік тақырып арқылы қазақ халқының қилы тағдыры мен рухани жарасын терең қозғайтын көркем қойылымға Ұлан Болатбек режиссерлік етті. Басты кейіпкерлер Бүркіт пен Бәтес адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда залдағы көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады.


Қазақы киіз үйдің көз алдыңда тігіліп, кейіннен құлауы бір дәуірдің құлауын, бірақ, соның астарынан жаңғыруға ұмтылған рухтың үнін танытады. Сахнадағы үнсіздіктің өзі бұрмаланған тарихтың ашылмаған ақиқатын тілсіз жеткізеді. Жауһар жазушымыздың «Мөлдір махаббат» драмасы тек қос ғашық арасындағы сезімді, сағынышты емес, ұмыт болған ақиқат пен тұтас ұлт рухының жаңғырығын көрсетті. Осылайша, үш күн аншлагпен өткен премьерамен театр маусымы жабылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика