Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиынға Түркістан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің аға офицері, майор Азамат Мұхаметрахимов, ауылдық округ әкімдері, және тиісті сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің аға офицері, майор Азамат Мұхаметрахимов хабарлама жасады. Онда 2023 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша ҚР ҰҚК шекара қызметіне зерделеу және іріктеу жұмыстарын жүргізу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті әскерге шақырудың негізгі құжаты – «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы шыққан.
Әскерге шақыруды үйлестіру, сапалы түрде дайындалу және өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен Бас штаб әзірлеген «2023 жылғы маусымдарда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындалу және өткізу бойынша іс-шаралардың кешенді жоспары», сондай-ақ «Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу және іріктеу алгоритмі» бекітілген.
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын болады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жас әскер қатарына шақырушы толықтыратын болады.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырма беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.