• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САУРАН: КОМИССИЯДА ТИІСТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Автор:admin

Июл 13, 2023
Spread the love

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бұл бойынша Сауран аудандық полиция бөлімі, ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ақмаржан Құлмағанбетова баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше Ескі Иқан ауылдық округіндегі «Әл-Фараби» және Майталтал ауылдық округіндегі «Әйтеке би» атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары арасында тәртіптік бұзушылық орын алған.
Бұл орын алған жәйттер бойынша қазіргі таңда Сауран аудандық полиция бөлімі, ювеналды полиция тобының қызметкерлері тарапынан анықтау жұмыстары жүргізіліп, тәртіптік бұзушылық жасаған оқушылардан түсініктеме алынып, мектеп оқушылары арасында жиналыстар өткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
Комиссияның қорытындысы және орын алған келеңсіз жәйттер бойынша оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне тиісті шара көру ұсынылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика