• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САУРАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Июл 8, 2023
Spread the love

Сауран ауданында 2023 жылдың шілденің 7-8 күндері жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейдтік шара ұйымдастырылды.
Мобильді топ Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округіндегі “Батыс Европа – Батыс Қытай” автомагистралінің бойындағы жүк көліктеріне заңсыз ауыр жүк арту деректерін анықтады.
Рейд кезінде жүк көлігінің жүргізушілері тарапынан заң бұзушылықтар анықталып, жүк тасымалдауға арналған құжаттары болмады. Нәтижесінде жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа қойылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған жайт бойынша тиісті шара көру үшін Түркістан облысының Экология департаментіне, Сауран аудандық полиция бөлімі арқылы жолданатын болады.
Қосымша сұрақтарыңызбен ұсыныс пікірлеріңіз болған жағдайда Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөліміне және 102 сымтетігіне хабарласуға болады. Байланыс тел: 87053710301, 102.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика