• Пт. Авг 8th, 2025
Популярные метки

Сауран ауданында жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңызы түсіндірілді

Автор:admin

Авг 8, 2025
Spread the love

2025 жылдың 8 тамызында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті міндетті сақтандыру» туралы мәжіліс өтті. Аталған мәжіліске ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Сауран аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Турметов Санжар Егембердіұлы және ауданымыздағы кәсіпорын басшылары қатысты. Мәжіліс барысында Ғалымжан Сейдуәліұлы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерді сақтандыру бойынша заң талаптары түсіндіріліп, уақытылы сақтандырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы, 2 –тармағына сәйкес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (3 932 000 теңге) дейін айыппұлға әкеп соғатыны түсіндірілді.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика