
Жиынның модераторы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатарұлы Таңғатаров болды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және мекеме жетекшілері қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары 2025 жылдың алғашқы алты айында жүзеге асқан негізгі көрсеткіштер мен бастамалар бойынша есеп берді. Экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.