• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Сарып ауруы (бруцеллез)- Қауіпті дерттен сақ болыңыз!

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Түркістан облысы Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігерлері  сарып ауруы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіуде.
Сарып (бруцеллез) ауруы адамдардың сарып (бруцеллез) ауруымен сырқаттануы көктем, жаз айларында күрт өседі. Бұл малдың төлдейтін кезеңіне байланысты.
Мал, үй хайуанаттары да (ит, мысық) бруцеллез ауруын таратады. Ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай-ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Сүт зауыттарында да ауруды жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Ол адамға қайнамаған сүт, қаймақ арқылы да жұға алады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы да жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі ең қауіптісі – мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суы арқылы жұғуы.
Сарып ауруының қоздырғышы сүт құрамында қалыпты температурада 10 – 18 күн, қымыз бен шұбатта – 3, жаңа сойылған етте – 47, тоған-суаттарда 90 күнге дейін сақталады. Ол жүн мен теріде – 1,5 – 4 айға, ағын суда – 6 –12 күнге, топырақ пен қида, тезекте 3 айдан 4,5 айға дейін қуатын жоймайды. Сүтте 55 градусқа дейінгі аралықта 10-15 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бір сәтте жойылады.
Сарыптың алғашқы клиникалық белгілері мынадай: Кешке қарай дене қызуы көтеріледі, денені тер басады, әлсіздік пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға, жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш келген жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп соқтырады.
Бұл дерттен сақтану жолдары мынадай: Ең алдымен ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әр отбасы мал дәрігерімен тығыз байланыста болғаны абзал.
Ал егер жоғарыда аталғандай ауру белгілері мазалаған жағдайда оны сезінгеннен бастап дәрігерге жедел түрде көрінген дұрыс.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика