Бүгін Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев ауданға арнайы іс-сапармен келді.
Іс сапар барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан прокуроры Н.Алдабергенов және құқық қорғау орган басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Алдымен облыс прокуроры Дербісек ауылдық округіне ат басын бұрып, ондағы ауыз су құрлысымен танысты.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар барысын баяндап, құрылыстың белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Сонымен қатар, облыс прокуроры Қабланбек ауылдық округі аумағындағы «Жабай ата» шаруақожалығында болып, жылыжайдағы жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, М.Тілеубердиев аудандық полиция бөліміне ат басын бұрып, бөлім басшысы Е.Бейсебаев аталған бөлімнің жұмыс барысымен таныстырды.
Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің іс-сапары Сарыағаш ауданы әкім аппаратының жергілікті активпен кездесумен жалғасты.Бас қосуда облыс прокуроры аудандағы 2023 жылдың 6 айында қылмыстың орын алуы мен алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың барысымен танысып, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғауға, аймақтағы қылмыстылық және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына басты назар аудару керектігін атап өтті.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді, заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ, олардың салдарын анықтауды және жоюды, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін тиімді үйлестіруді күн тәртібінен түсірмеу керектігін ескертті.