Бүгін ауданға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арымбаев арнайы келіп, жаңа басшыны таныстырды.
Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Талипов, Б.Полатов, А.Қозыбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай, ҰҚК департаментінің Сарыағаш аудандық бөлімінің басшысы Н.Жолдасбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Бейсебаев қатысты.
Жиын барысында Н.Арымбаев Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының жаңа басшысы А.Тулендиевті аудандық активке таныстырып, оған маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.