Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен жеке инвестор FISHNET компаниясы тарапынан Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды.
Жоспарға сәйкес, шағынаудандарды кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінде Самал 2, Наурыз, Асар 2 шағынаудандары жеке инвестор есебімен аталған желімен қамтылуда. Жауапты — FISHNET компаниясы.
Өткен жылы 20 елді мекенді жыл соңына дейін кезең-кезең бойынша қамту бойынша жұмыстар атқарылған. Қаладағы 81 елді мекеннің басым бөлігінде жоспарлы жұмыстар орындалуда. 2025 жылдың соңына дейін қаладағы барлық елді мекенді толық қамту жоспарлануда.
Жауапты компания өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, шағынаудандарда интернет орнату тегін. Тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Наурыз шағынауданында 150 абонент осы желіге қосылған.
Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы.
Өткен жылы 20 елді мекенге аталған оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылған еді. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жыл аралықта тұрғын алаптар тізімі және олардың мерзімдері белгіленді.