• Вт. Авг 5th, 2025
Популярные метки

САЙРАМ: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

Бүгін, 30 мамыр күні ауданда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Іс-шара аудан әкімдігінің «Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйі» ғимаратында өткізілді. Бұл бастама ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Іс-шара барысында тұрғындар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменты, адвокаттардан, нотариустардан, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен қажетті кеңестер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика