Аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы топ құрамының мүшелері, көліктік бақылау инспекциясы, полиция басқармасының қызметшілерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың шілде айында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритіміне сәйкес, кезекті тексеру Манкент ауылдық округінде жалғасты.
Көліктік бақылау рейдтік шара кезінде облыстық маңызы бар жолда (Howo) ауыр жүк көлігінде белгіленген мөлшерден артық салмақ арту деректері орын алған. Осыған байланысты, жүк тасу көліктеріне заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айыптұраққа қойылып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.