Сайрам ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі №25 өкімімен құрылған жұмысшы топ құрамының мүшелері болып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритіміне сәйкес, 19.04.2024 жылы Манкент ауылдық округі аумағындағы 184 орамында ақсу су арнасынан ЖК Алиевке берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12,5 га жер телімінде жер қойнауын заңсыз пайдаланып HYUNDAI эксковаторы және Howo ауыр жүк көлігімен (Тас) қазба жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды және бейне, фотокамераларға түсіріліп 102 нөміріне хабарланды. Полиция басқармасының маманы көлік жүргізушілерден түсініктеме алынды. эксковатормен ауыр жүк көлігін заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа қойылды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі