Сайрам ауданы әкімдігінің заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы топ құрамының мүшелері тарапынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритміне сәйкес, Қарамұрт ауылдық округі аумағында рейдтік шара ұйымдастырылды.
Рейд кезінде ауылдық округіне қарасты 171 орамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы жерлерде жердің нысаналы мақсатын ауыстырмай, жер қойнауын заңсыз пайдаланушы 9 нысанға жұмысшы топ тарапынан акт толтырылып, құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданылды.
Бүгінгі таңда аталған жұмыстар жалғасын табуда.