Сайрам ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі №25 өкімімен құрылған жұмысшы топ құрамының мүшелері болып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритіміне сәйкес, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі аумағында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 04.10.2023 жылғы №82н/қ бұйрығымен «Алтын Тастақ» ЖШС-нің жұмысы су қорғау белдеуінен шығарылғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Мониторинг барысында, 171 орамда, кадастр №19295171144, жалпы көлемі 22,7 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы «Алтын Тастақ» ЖШС-нің жер учаскесінде, (Тас) қазба жұмыстарын жүк тиегіш Х918ADE және Howo KZ107ABH12 ауыр жүк көлігімен (Тас) қазба жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды және бейне, фотокамераларға түсіріліп, 102 нөміріне хабарланды. Полиция басқармасының маманы тарапынан көлік жүргізушілерден түсініктеме алынды. Жүк тиегіш және ауыр жүк көлігі заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа қойылды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі