Сайрам ауданы прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында лауазымды тұлғалар мен азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында құқық қорғау қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде заңнамада көзделген тиісті қағидаларға тоқталды.
Бұдан бөлек, аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың конституциялық құқықтарын толыққанды қорғау, прокуратура органдарына деген сенімділігін арттыру мақсатында жадынама парақшалары таратылды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі