• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САЙЛАУ-2023: ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Автор:admin

Мар 19, 2023
Spread the love

Ел аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы өтіп жатыр. Шымкенттіктер таңнан бері белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №231 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Азаматтық қоғамның және саяси институттардың жетілгенін көрсетуде бұл сайлаудың деңгейі жоғары деп есептеймін. Кандидаттар өте көп. Елді өркендетуге өз үлесін қосуға ниеттенген белсенді азаматтар — қоғамның түрлі саласының өкілдері. Мемлекет олардың барлығына теңдей мүмкіндіктер жасады. Бұл бәсекелестік деңгейі мен саяси мәдениеттің артқанының айғағы деп білемін» — деді қала әкімі.
Сайлауға жаңадан құрылған саяси ұйымдарды қосқанда 7 партия қатысып жатыр.
Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы, ал, мәслихат депутаттарының 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, яғни, бір мандатты округтер арқылы сайлауға түсуде. Қалада 330 сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауларын жасауда. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына ие 639 663 сайлаушы бар.
Барлығы 1 қалалық, 5 аудандық және 354 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оған қоса бұл жолғы сайлауда бір мандатты сайлау округтері де құрылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 2 округтік, ал, Шымкент қалалық мәслихатына 16 округтік сайлау комиссиялары өз жұмысын атқарып жатыр.
Сайлау учаскелері «Сайлау туралы» конституциялық Заңының талаптарына сәкес дайындалды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың да дауыс беруіне де қолайлы болу мақсатында инватаксилер мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика