• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Май 24, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ғ.Ташқараев ашып жүргізді.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы 2024 жылғы жұмыс жоспары туралы Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары әкімдерінің есебі тыңдалды. Жиынға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, БАҚ өкілдері және партия қызметкерлері қатысты.
Баяндама барысында Досбол Күздікбайұлы Еңбекші ауданында халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылғанын жеткізді. 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өткендігін айтып, аудандағы инфрақұрылым мәселесін шешудегі жұмыстарға тоқталды.
Қаратау ауданында электр жарығымен қамтуды қажет ететін елді мекендердің 98% толық қамтылған. Осы жылдың соңына дейін Арғынбеков және ӘІО аумағында орналасқан 13 көп қабатты үйлерді жарықтандыру көзделуде,- деді Р. Мүлкеманов.
Комиссия мүшелері Қаратау ауданына қарасты Назарбеков көшесінен №80 мектеп бағытындағы қиылыста жылына бірнеше рет құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтқа кәрізден аққан сасық сулар жіберілетіндігін айтты. Сондай-ақ, Назарбеков көшесінің бойындағы Бәйдібек би мен Бәйтереков көшелерінің аралығындағы бірнеше қиылысқа бағдаршам орнату қажеттігін жеткізді.
Рахымберді Мүлкеманов бұл мәселелердің назарда екенін айтып, тиісті жұмыстар атқарылатынына уәде берді. Еңбекші мен Қаратау аудандарының есептері жалпы комиссия мүшелерінің оң бағасын алды, ал Тұран ауданы әкімінің келмеуіне байланысты есебі қараусыз кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының тиісті дәрежеде орындалуы және өзге де тақырыптар бойынша ұсыныстар айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика