• Вт. Апр 15th, 2025
Популярные метки

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДАН ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ҮШ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Автор:admin

Апр 14, 2025
Spread the love

Елімізде биыл спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтуде. Таяуда Қостанайда екі күнге созылған дзюдодан VI жастар спорт ойындарының жеңімпаздары анықталды.

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан, барлығы 240 спортшы қатысты. Жауапты бәсекеде Шымкент қаласының жас дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс. 1 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, бойжеткендер арасында Гүлсезім Тұрлыбек 70 келіде жеңімпаз атанып, 63 келіде Нұрсезім Тұрлыбек қола жүлде жеңіп алды. Ал ерлер арасында 81 келіде Сапарғали Салхан күміс жүлдені иеленді.

Сонымен екі күнге жоспарланған сайыста Шымкент қаласы командасы жалпыкомандалық есепте бесінші орыннан көрінді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика