Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік ортада күнен күнге артуына байланысты, бұл проблеманың өзектілігі де арта береді. Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық — еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.
Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын талқылау екі бағытта қарастырылмақшы:
Біріншіден: ҚР-да жұмыссыздық деңгейі және оның себеп-салдары.
Екіншіден: ҚР-да жұмыспен қамту саясаты және «Жол картасы»
Осы сұрақтарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Біріншіден: Жұмыссыздық — жұмыс істегісі келетін енбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінін бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның кұрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздыктың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс емес кұрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал етеді:
- ғылыми – техникалық прогресс;
- экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылык;
- сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
- Қоғамда бар болатын потенциалды мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҰӨ көлемі артта калып отырады.
- Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздық шығыны тепе – тең бөлінбейді.
- Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады.
- қоғамның экономикалық әлеуетін толық пайдаланбау;
- жұмыстан босап қалған жұмысшылардың біліктілігі жоғалады;
- халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында жұмыссыздық шығындарын тең бөлмеу орын алады;
- қылмыс жасауға қолайлы негіздер пайда болады. Оны толығырақ 1 суреттен көреміз.
Жұмыссыздар ішінде көп жағдайда әйелдер мен 30 жасқа дейінгі ерлердің үлес салмағы біршама жоғары болады.
Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа өту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды. Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді.
Жұмыспен қамту саясатын таңдаудың екі түрі бар: активті және пассивті. Осыдан мемлекеттік активті және пассивті жұмыспен қамту саясаттары ажыратылады.
Активті жұмыспен қамту саясаты ( еңбек рыногындағы активті саясат) — бұл:
- мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жиынтығы;
- жұмыс орындарын сақтап қалу үшін еңбеккерлерді жұмыстан босату туралы ескерту және профилактикамен байланысты шаралар;
- жұмыс іздеуші тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және кәсіби біліктілігін жоғарылату;
- жұмыс орындарын белсенді түрде іздеу мен іріктеу;
- жаңа жұмыс орындарын ашуды қаржыландыру;
- қоғамдық жұмыстар жүйесі арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Мұндай саясат шеңберінде еңбеккерлерді жұмыстан шығаруды болдырмауға, жаңа жұмыс орындарын ашуды субсидиялауға бағытталған іс- шаралар жүзеге асырылады.
Пассивті жұмыспен қамту саясаты (еңбек рыногындағы пассивті саясат) негізінен жұмыссыздықтың теріс салдарын реттеуге бағытталған: мемлекет кепілдік беретін жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу, оның мерзімі біткен соң — әлеуметтік жәрдемақы төлеу, сол сияқты басқа да шаралар. Пассивті саясат мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыс орнын таңдау қызметін ұсынады. Көбінесе басыңқы пассивті саясат термині пайдаланылады. Ол да жұмыссыздарға материалдық көмек беруді қарастырады, алайда ұсынылатын қызмет түрі көп болады.
Сырт қарағанда, жоғарыдағы екі вариант та ағымдық мемлекеттік шығыстар тұрғысынан алғанда үнемді болып табылады. Алайда экономикалық өрлеуді пасивті күту тактикасы тек еңбек рыногының жоғары икемділігі жағдайында және жұмысшы күшінің өз бетімен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болған жағдайда ғана өзін өзі ақтай алады. Болмаса еңбек рыногындағы пассивті саясаттың тежеуші реттегіштері әлсіз болып, нақты жағдайды күрделендіріп жіберуі мүмкін. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы мәселелерді шешудегі негізгі мемлекеттің іс – шараларының бағыттары, Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық бағдарламалар, Президенттің Жолдауларында жоспараланған және бекітілген тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылуда.
Мемлекет тарапынан 2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ 2006 – 2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат — еңбек нарығында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшiлiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсірудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделеді .
Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
- елдiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлiкті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, білiктiлiгін арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногындағы белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;
- халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдiру;
- елдегi кедейшiлiктi азайтуда мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігін арттыру;
- жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, ішкi еңбек рыногын қорғау,
- елдің еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарын құру мониторингi бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;
- еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;
- жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
Бүгінгі күні, яғни қаржы дағдарысы басталғаннан бері соңғы бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты — «Жол картасы» бағдарламасы. Қаламыздың осы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынды. Ерекше атап өтетін болсақ былтыр күз кезінде қалалық жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен «Жол картасы» бойынша жұмыссыз жүрген мамандарды қайта оқыту және бос орындарға мамандарды тарту жәрмеңкесі өткізілді.
«Жол картасы» — бұл қазіргі дағдарыс кезінде жұмыссыздарды жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау курсынан өткізу бағдарламасы.
«Жол картасы» 2009 жылдың 6 наурызында «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауындағы іс-шараларды жүзеге асыру негізіне бағытталып, қабылданған бағдарламасы.
«Жол картасы» бағдарламасының артықшылығы – Үкімет тарапынан жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу.
Активті мемлекеттік халықты жұмыспен қамту саясаты республикалық және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жүргізілуі мүмкін. Олар еңбек рыногындағы жағдайдан және оның даму болжамынан туындай отырып жасалады.
Халықты жұмыспен қамтудың тиісті заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік саясат бағытталған:
- еңбек үшін адами ресурстарды дамыту;
- республиканың барлық азаматтарына факторларға тәуелсіз (жынысы, жасы және т.б.) ерікті еңбек етуге және жұмыспен қамтудың кез келген түрін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- адамның еркін дамуы үшін жағдайлар құру;
- заң шеңберінде жүзеге асырылатын азаматтардың еңбектік және кәіспкерлік бастамаларын қолдау және олардың өндірістік, творчестволық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
- халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамсыздандыру, әлеуметтік қорғауды өте қажет ететін және жұмыс іздеуде қиыншылықтар көретіндерге жұмыспен қамтуды қамсыздандырушы шараларды жүргізу;
- массалық және ұзақ уақыттық (бір жылдан артық) жұмыссыздықтың алдын алу және қысқарту;
- әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматарды жұмыспен қамсыздандыратын жұмыс берушілерді ынталандыру;
- халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттардың басқа да бағыттарымен үйлестіру;
- халықты жұмыспен қамту және оған бақылау жүргізу шараларын өңдеу мен жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, кәісподақтардың, еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қызметін үйлестіру;
- халықты жұмыспен қамтуда халықаралық ынтымақтастық жүргізу.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының үш деңгейі бар:
- республикалық;
- өңірлік немесе облыстық;
- жергілікті;
Бұл әрбір бағдарламаның төрт ірі бөлшегі бар:
- аналитикалық (жұмыспен қамту туралы статистикалық және аналитикалық ақпаратты жинау, нақты бір жердегі, өңірдегі, жалпы мемлекеттік деңгейде жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін анықтау);
- бағдарламалық – мақсаттық (жұмыспен қамту саясатының нақты мақсатын анықтап, құрастыру);
- ресурстық – қамсыздандырушы (барлық бағдарламаларды қажетті материалдармен, адами және басқа да ресурстармен уақытылы және толық қамтамасыз ету),
- ұйымдастырушылық- үйлестірушілік (бағдарламаны ұйымдастыру, бақылау, қажет болған жағдайда үйлестіру).
Республикалық деңгейде жұмыспен қамту саясаты еңбек рыногының субьектілерінің арасындағы қатынастарды құруға және реттеуге қажетті құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралар мен нормативтік актілердің жиынтығын анықтау, сонымен қатар жұмыспен қамту саласындағы рынокқа көшудегі әлеуметтік – экономикалық салдардың – жұмыссыздықтың шекті деңгейі мен ұзақтығы, аз қамтамсыз етілген әлеуметтік топтардың жұмысқа қабылдануын ынталандыру мен квота өлшемі, жәрдемақыны төлеуге бюджет қаржысының минималды мүмкін болатын көлемі, қайта дайындау мен жаңа жұмыс орындарын ашудың мақсатты деңгейі сияқты шараларды анықтау болып табылады. Жұмыспен қамту саясаты максималды жұмыспен қамтуды мүмкін ететін қаржы – несиелік, инвестициялық және салықтық саясаттарды қарастырады. Осы мақсатта мемлекеттік, және өңірлік бағдарламалар дайындалады. Жұмыс орындарын ашу мемлекет тарапынан ынталандырылатын аумақтар анықталады. Қазіргі күні республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту саясатының басты бағыттары мыналар:
- инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен, өндіріс көлемінің қысқаруымен, инфляция және салдары тұрақсыз жұмыс орындары болып табылатын макроэкономикалық үрдістерді жеңу;
- кәсіпорындардағы жұмыстан босатудың массалық қарқын алуын болдырмау;
- мемлекеттік емес, баламалық экономика секторларында жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейтуге жағдай құру;
- еріксіз жұмыстан босатылған немесе жұқмыстан шығып қалу қауіпі бар адамдарға тиімді мақсатты қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету;
- жұмысқа тұруда қиындықтар көп көретін тұлғаларға қосымша көмек көрсету;
- ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың салдарын жұмсарту.
Мемлекет саясатының экономика және жұмыспен қамтуды қолдаудағы негізгі міндеті – мақсатты және келешегі бар жұмсыс орындарының қысқартылуын тежеу, инвестициялық белсенділіктің артуын ынталандыру, институционалдық бетбұрыстар, селективті құрылымдық өзгерістер, инвестициялық және басқа да мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру мен өткізу арқылы ашылатын жұмыс орындарының санын арттыру.
Сонымен бірге республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту саясаты ТМД және басқа шет елдермен ерікті және мәжбүрлі көші – қон жағдайында миграциялық айырбас пен зейнетақылық қамсыздандыру бойынша, уақытша табыс табыс үшін немесе іс- сапармен басқа мемлекетке шыққанда жалдау мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құқықтық реттеу жүйесі және мемлекетаралық қатынастарды ұйымдастыру жүйесін қарастыруы қажет яғни республикалық деңгейдің қызметіне Қазақстанды халықаралық еңбек бөлінісінің тең құқылы серіктес ретінде қамтамасыз ететін құқықтық нормалармен қамсыздандыру жатады.
Өңірлік деңгейде жұмыспен қамту саясаты тиісті деңгейдегі (облыстық) билік органдарының өкілеттілігі шеңберінде сол аумақтарда азаматтардың еңбек құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құруға бағытталған, толық, өнімді және еркін жұмыспен қамтылуды ынталандыратын саясатта болып табылады. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының өңірлік аспектісі сол өңірлердегі еңбек рыногының жағдайына әсер етуші ерекше факторлар мен жағдайларды ескере отырып, жыл сайын қабылданатын аумақтық бағдарламалар болып табылады.
Өңірлік деңгейдегі мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты жұмыспен қамтудың аумақтардың демографиялық және әлеуметтік – экономикалық дамуның ерекшеліктеріне негізделген өңірлік және жергілікті бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
Әдетте өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары үш деңгейге бөлінеді:
- республика деңгейінде жүзеге асырылатын іс –шаралар қарастырылған жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасы;
- облыстық бағдарлама осы деңгейдегі халықты жұмыспен қамту іс –шараларын анықтайды, мысалы басыңқы дамушы қалаларды анықтау;
- аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек рыногының жекелеген қатысушыларының мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралардан тұрады.
Еңбек рыногындағы үдерістерді реттеудегі маңызды орынды еңбеккерді өнімді еңбек етуге итермелейтін және барлық мотивациялық қондырғылар жүйесінің негізінде тұрған еңбек ақы алады. Рыноктық экономикалы елдерде еңбек ақының тиімді және оңтайлы деңгейі мен оның минималды шегі туралы анық және нақты түсініктер қалыптасқан. Бұл заңға сәйкес жұмысшының өзі мен оның отбасын өмір сүруге қамсыздандыратын еңбеккерлердің өмірлік қоры қалыптасады. Жұмысшы күшінің құны негізінде отбасының қалыпты қажеттіліктерінің жиынтығы түсінігі қалыптасатын экономикалық категория болып табылады. Ол қажеттіліктерді қанағатттандыру жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді.
Біздің еліміз жетпіс жылдан астам уақыттан бері әлемде қажетті өнім туралы беймәлімдікте өмір сүрді. Жұмысшы күшінің құны жоққа шығарылды. Жалақы “еңбектің сапасы мен санына қарай бөлінетін ұлттық табыстың үлесі” деп анықталды. “Социалистік еңбек бойынша бөлу заңы” негізінде ұлттық табыстың бұл бөлігін индивидтер арасында “еңбектік салымға пропорционалды” түрде бөлу қажет болды. Басқаша айтқанда, осы заңды басшылыққа ала отырып, әрбір еңбеккердің жиынтық табыстағы үлесін анықтап, кімге көп, кімге аз төлеу керектігін анықтауға болатын еді. Алайда қанша деген сұраққа яғни еңбекке ақының абсолюттік шамасы қандай болу керектігіне еңбек бойынша бөлу заңы жауап бере алмады. Бұл бөлушілік қатынастарды ұйымдастыруда кең жолдар ашты.
Мұндай бағыттың элементі біздің елімізде жекешелендіру үлгісінде де сақталды. Социалистік кезеңде бөлушілік қатынастар екі желі арқылы жүргізілгені белгілі – еңбекке ақы төлеу арқылы және екіншісі тұтынудың қоғамдық қоры арқылы, ол арқылы кеңес елінің азаматтары түрлі әлеуметтік қызметтерді (білім беру мен денсаулық сақтау) тегін немесе жеңілдікпен (тұрғын үй, коммуналдық және т.б. төлемдер) пайдаланды. Кейбір есептеулер бойынша бұл желістер бойынша бөлінетін материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер құны жағынан арақатынасы екіге бір болып бөлінген.
Рыноктық қатынастарға көшу біздің елімізде жұмыспен қамтылған халық арасында тегін немесе жеңілдікпен бөлуді толығымен тоқтатуды қарастырды. Нәтижесінде жұмыс істейтін көптеген азаматтардың жиынтық қорының қомақты бөлігін ешқандай өтемақысыз қиып тастау орын алды. Бұл ел тұрғындарының тұтыну қоржынының төмендеуіне, ал бұл әділетсіздікті өтемақылаушы жекешелендіру мүмкіндіктері пайдаланылмады.
Жекелеген салаларда халықты жұмыспен қамтуды біршама дифференциациялау еңбек рыногын реттеудің қосымша мемлекеттік шараларын өңдеу мен жүзеге асыруды талап етеді, мемлекеттік билік органдарының, жұмыс беруші бірлестіктерінің, кәсіподақтардың, еңбек рыногына әсер ететін басқа да қоғамдық бірлестіктердің еңбек рыногына ықпалын күшейтуді талап етеді.
Жұмыс берушілерді қажетті жұмысшы күшімен жедел қамсыздандыра алатын, ал жұмыс іздеуші азаматтарды өзіндік табыстары есебінен тұтынудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тиісті жұмыспен қамсыздандыра алатын өркениетті еңбек рыногын дамыту үшін жағдайлар құру қажет.
R ақпарат