Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады.
Шымкент қаласы бойынша Репрадуктивті денсаулық апталығы аясында жоспарланған шаралар:
1. Апта бойы емханалардағы “Отбасын жоспарлау” кабинеттерінде Ашық есік күні өтеді.
2. 25 маусым күні Арбатта ұрпақты болу денсаулығы апталығына арналған акция (жастар орталықтары мамандарының консультациясы, флеш моб, ақпараттық материалдарды (буклеттер, кітапшалар, постерлер) таратылады.
3. 27 маусым күні «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» қарсы іс-қимыл күніне арналған Ашық есік күнін өткізу жоспарланған.
Өткізу орны: Қалалық ЖИТС орталығы. Достық кабинеті — дерматовенерологтың жағынды алу және тексеру арқылы консультациясы, репродуктивті жастағы әйелдерді АИТВ-ға тексеру.
4. Қоғамдық орындарында адам папилломасы вирусының алдын алуға арналған медицина мамандарының қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
5. Қаланың барлық медицина ұйымдарында «Дені сау ұрпақ» хэштегімен челлендж өтеді.