• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«Рақмет, Қазақстан»: Шымкентте полицейлер өзбекстандық отбасыға көмектесті

Автор:admin

Авг 16, 2024
Spread the love

-Көлігіміз жол үстінде бұзылып қалды. Ешкім тоқтаған жоқ. Тек полицейлер көмекке келді, — дейді отағасы.
Ол жұбайымен және 5 ұл-қызымен Алматыда қонақта болып, Шымкент қаласы арқылы еліне қайтып бара жатқан. Жолда отбасылық автокөлік істен шыққан.
Қиын жағдайға тап болғандарды көшелерді патрульдеп жүрген экипаж байқап, бірден көмекке асықты.
Инспекторлар Ғабит Абдрахман мен Бақберген Жазықбай бұзылған көлік құралын жөндеу орталығына жеткізіп, қажетті қосалқы бөлшектерді тауып, алып берген.
-Көп-көп рақмет, Қазақстан! Балаларымызбен ыстықта жолда қалдық. Шымкент полицейлері бізге көмектесті. Үлкен алғыс, жұмыстарыңызға сәттілік! — , деп ризашылығын білдірді көрші елдің азаматтары.
Айта кететін, әр сақшының жұмысы қауіп-қатерге толы. Төтенше жағдай, қылмыспен күнделікті бетпе-бет келген соң сақшылар адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі.
Халықпен етене жұмыс істейтіндіктен полиция қызметкерлеріне әрбір отбасының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы жақсы таныс. Шиеттей баласымен ішер асқа жетпей отырған жанұяға полицейлер талай рет қалтасындағы соңғы тиынға нан алып берген, көмір әкеп үйін жылытып берген кездер көп болған. Әсіресе учаскелік полицейлер мұндай қолайсыз, шарасыз отбасыларды құзырлы органдар назарына салып, өздері де қайырымдылық жасаудан сырт қалмай жүр.
Қазақ халқында «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген тағылымды тіркес бар. Айналаңа жүрек жылуын ұсыну, аялы алақанын тосып, қамқоршысы болу – сауапты істердің бірі, әр адамның азаматтық парызы. Әрбір жасалған істе ізгілік бар.
Шымкенттік полицейлер жыл сайын балалар күні мен білім күнінде бұлдіршіндерге сыйлық жасап қуантуды дағдыға айналдырған. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы кезінде полицейлерден сыйлық алған, оқу құралдарын иеленген бүлдіршіндер көп-ақ. Бұл а​кцияның түпкі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасыларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика