Психикалық денсаулық орталығынла Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орайластырып дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Психикалық денсаулық орталығының қызметкерері, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, білім басқармасы мен қалалық СӨСҚ орталығының қызметкері, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, Жастар ресурстық орталығы мен “Ренессанс-Шымкент» медико-әлеуметтік орталығының мамандары қатысты.
Дөңгелек үстелді Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері С.И.Мыңбаев ашып берді.
Дәрігер психиатр-нарколог Р.А.Баймурунова Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы темекі және насыбай тұтыну жағдайын баяндады. Ал Дәрігер психиатр-нарколог М.С.Одаман электронды темекі, вейп, СНЮС, кальян заттарының ағзаға зияны жайлы баяндады.
Дөңгелек үстелге келген әрбір азамат әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік қолдау қызметінің халықтың мақсатты топтарымен: темекіні пайдаланудың зиянды ықпалы мен салдары туралы; темекі тұтынудан пайда болатын асқынулар туралы хабардарлығын арттыру; пациенттерді мақсатты таңдауға, сауықтыру жөніндегі жеке іс-қимыл жоспарын жасауға, атап айтқанда темекі тұтынудан бас тартуға үйрету және олардың орындалуына бақылау жүргізу туралы пікірталас жүргізді.
Еске сала кетсек, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі сынап, ұят әдет деп атады.
«Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. …Қазір – 21 ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллект қарқынды дамыған заман. Ал біздің азаматтарымыз аузына насыбай салып, қақырып-түкіріп жүреді. Бұл не деген масқара?! Осы жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде, бұл – барып тұрған мәдениетсіздік. Оны тоқтату керек», — деді президент.