Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті. Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру оқытушылар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік — құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді.
Кездесу барысында, оқушыларға есірткі заттарының зардаптары мен қылмыстық жауапкершіліктері бойынша түсінбілді. Сонымен қатар өз-өзіне қол салу, ерте жүктілік деректерінің алдын алу мақсатында, Кентау қалалық №1 емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылды.