Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабендовтің нұсқауына сәйкес болыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Сонымен қатар Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу талап етілді.
Осы бағытта Кентау қаласының полиция бөлімі, жастар орталығы, адами әлеуетті дамыту бөлімі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелері және мүдделі орган өкілдері қатысуда.
Іс шара барысында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру мақсатында 30-ға тарта мектеп пен 5 колледжде кездесулер мен семинарлар өткізілді.
Құқықтық сауаттылықты қалыптастырудың міндеті-әр студенттің құқықтық нормалардың негізгі принциптері мен бағытын игеруі, дұрыс құқықтық бағдарды қалыптастыру, заңнама негіздерін біліп қана қоймай, сонымен бірге жеке сенімге, Заңға деген қажеттілік пен әдетке айналатын құқыққа деген терең құрметті қалыптастыру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің негізгі міндеттері: студенттер жасаған құқық бұзушылықтар санын азайту; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, лайықты өмірлік перспективаларды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; оқушыларды заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау рухында тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді…