• Чт. Июн 12th, 2025
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ АТАП ӨТКЕН 17 ЖОБА НЕГІЗІНДЕ 25 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАТЫН БОЛДЫ

Автор:admin

Июн 10, 2025
Spread the love

Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. СОндай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті.
Осыған орай Үкімет басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді.
«Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды. Қалған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде экспорт көлемі 6 трлн теңгеге артып, импортқа тәуелділік 1,5 трлн теңгеге төмендейді.»-деді Мемлекет басшысы.

Ал жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:. Олар: өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі; экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану; өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс жәнеел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.
Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрайды. Сонымен бірге 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Нәтижесінде, күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артады және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика