Ордабасы полициясы ұрлық қылмысын ашты. Яғни полиция 36 жастағы күдіктіні дер кезінде анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай, ер адам қылмыстық оймен су трубаларын жүргізу жұмысы болып жатқан мекенжайдан су есептегіш құралдың 600 данасын ұрлаған. Жәбірленушіге 5миллион теңге шығын келген. Ал ұрланған затты темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.