Облыс орталығындағы тұрғындардың әрбірінің арыз-шағымы, көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды.
Мәселен Түркістан қаласында полиция мен басқа да тиісті сала мамандарының қатысуымен кезекті жиын өтті. Онда Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі бойындағы құрылыс заттарын сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тауар алып келген жүк көліктерінің қозғалысы мен тұтынушылардың көлікпен бұрылуына кедергі көп екені айтылды. Мұның басты себебі — кәсіпкерлік нысан алдында бұрылыс жасауға арналған үзік жолақтың болмауы. Нәтижесінде тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру үшін қарама-қарсы орналасқан сауда орталықтарының алдынан бұрылуға арналған үзік жолаққа рұқсат берілетін болып келісілді.
Сонымен қатар полиция И.Мұсакұлов көшесінен де бұрылыс жасауға арналған үзік жолақ қалдыру туралы рұқсат берілетіндігін жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі