• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция қызметкерлеріне тренинг өткізілді

Автор:admin

Авг 26, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор-психологы Айгерім Исаева жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне психологиялық тренинг өткізді.
Тренингте интеллект, шапшаңдық, тез шешім қабылдау, зейін және лидерлік қасиеттерді көрсетуге арналған жаттығулар жасалды. Әр жаттығу мұқият ойлау мен іс-қимылдың үйлесімділігін талап етеді. Тренингтің барлық кезеңі қатысушылар үшін жаңа дүние болып шықты.
Бұл жаттығулар ұжымды біріктіруге, топ құрамында әрекет ете білуге және психоэмоционалдық күйзелісті алып тастауға бағытталды. Мұндай тренингтерді біз жиі табиғат аясында өткіземіз – деді полиция капитаны А.Исаева.
Тренинг қатысушылары қызықты жаттығулар мен психологиялық әдістер үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, алған әсерлері нәтижесінде қызметтік міндеттерін ерекше талпыныспен орындайтындықтарын жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика