Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның 2-еуі әйел, 7-еуі ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.
Осылайша полицейлер тінту іс-шараларын жүргізіп, құжаттар мен 6 шетелдік паспорт,«Сайга» аңшы мылтығы патрондарымен, 2 дана есірткі заты бар орама, 16 ұялы телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат, 250 мың өзбек сумы және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.