• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция Түркістан облысында бопсалау дерегіне қатысты күдікті ретінде 2 блогерді ұстады

Автор:admin

Июн 13, 2024
Spread the love

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпасы үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.
Айта кететін, бопсалаушылық-қылмыстық әрекет. Зорлық көрсету, мүлікті жойып жіберу не бүлдіріп тастау, сондай-ақ жәбірленушіні, оның туыстарын масқаралайтын, олардың мүдделеріне елеулі нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату, жариялау қаупін төндіре отырып, бөгде біреудің мүлкін немесе мүлікті иелену құқын беруін, сондай-ақ, мүліктік сипаттағы басқалай іс-әрекеттер жасауын талап ету (ҚР Қылмыстық Кодексінің 181-бабы). Бопсалаушылықты топ адам алдын ала келісіп, зорлық-зомбылық көрсету арқылы бірнеше мәрте жасаса, онда кінәлілердің мүлкі тәркіленеді немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Ұйымдасқан топ ірі мөлшерде мүлік иеленуді мақсат етіп, жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіретіндей ауыр зардап шектірсе және осындай заңға қайшы әрекеті үшін бұрын бірнеше рет сотталған адам бопсаласа, онда оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика