Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі ер азаматты ұстады.
Белгілі болғандай, екі күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Олар кешкі уақытта үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге терезе арқылы кірген. Ұрлыққа түсудегі мақсаты ақша іздеген алайда оны таппаған соң, қолдарына ілінген бағалы заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция қызметкерлері қолды болған айғақты заттарды күдіктілердің үйінен тәркілеп, заңды иесіне тапсырды.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі