• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция таныстарының атынан несие рәсімдеген алаяқтық қылмысына күдіктіні анықтады

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Түркістан қаласының полицейлері кезекті алаяқтық қылмысын ашты. Нақтырақ айтсақ, полиция жедел әрекет етудің арқасында екі жергілікті тұрғынның атынан несие рәсімдеген 29 жастағы күдіктіні анықтады.
Белгілі болғандай, әйел танысының сеніміне кіріп, одан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, содан кейін 700 мың теңгеге несие рәсімдеп жіберген. Ал жәбірленуші банкке қарызы барын несие төлеу туралы хабарлама келгенде бірақ білген.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтық фактісіне қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын 1 300 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика