Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасы да өз үлесін қосты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Басқарма қызметкерлері ішкі және сыртқы ауланы түгелдей тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аумақты абаттандырумен қатар аулалардағы шашылған қоқыстарды жинады.
Мұндай тазалық жұмыстарын жүргізу Түркістан қалалық Полиция басқармасының назарынан тыс қалмақ емес.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі