• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦИЯ СТУДЕНТТЕРГЕ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Автор:admin

Апр 9, 2024
Spread the love

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті.
Үстіміздегі жылдың 18 наурызынан бастап насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы бағытта, Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы және Денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттерімен кездесті.
Аталмыш кездесуде «насыбайдың» көп онкологиялық ауруларға әкеп соғатынын, денсаулыққа өте зиянды психатроптық зат екендігі, оны өндіруге, сатуға және қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынғаны туралы түсіндірді. Сондай-ақ жастарға осындай іс-әрекеттерге жол берілген жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары ескертілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика