• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Полиция сенбілік өткізіп, тазалық пен тәртіпке шақырды

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

Мемлекет басшысының тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша нұсқауына сәйкес Түркістан облысының полицейлері сенбілікке шықты.
Бұл іс-шара аумақтарды қоқыстан арылту, экологиялық мәселелерге баса мән беру, қоғамдық орындардағы тазалықты сақтаудың маңыздылығына бағытталған.
Елімізде республика көлемінде жыл сайын көктем-күз мезгілдерінде тазалық, көріктендіру айлығы жарияланып келеді.
Тазалық – баршаға ортақ. «Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде» демекші, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті. Алайда, бізде әлі де немқұрайдылықпен қарайтындар саны көп. Кез келген жерге қолындағы қоқысты лақтырып кете береді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін көңіліне сызат та түспейді. Ол үшін қалыпты жағдай сияқты. Ал, оның немқұрайды ісінің салдарынан айналамыз ластанып, оны тазалау үшін қаншама күш жұмсалады?!
Айта кететін, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, гүлзарларды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сенбілік Полиция департаменті ғимараты мен барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде өтті.
Тәртіп сақшылары қоқыстарды жинап, жасыл желектерге күтім жасау жұмыстарын жүргізді, аулаларды тазартты. Өз кезегінде азаматтарды табиғат жанашыры болуға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика