25 мамыр күні облысымыздың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізіледі. Полиция қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Ордабасылық полицейлер жасөспірімдердің автокөлікті басқаруы мен жол жүру қағидаларын сақтамауының алдын алу мақсатында аудандағы барлық білім беру ұйымдарының түлектеріне сәттілік тілеп, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Ескерту шараларына қарамастан қоғамдық тәртіпті бұзған түлектерге ескерту беріліп, жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған және жасөспірімнің басқаруындағы автокөліктер айыптұраққа қойылды.
25 мамыр күні облысымыздың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізіледі. Полиция қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес әрбір оқу орындарына жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға жақындатылды.
«Соңғы қоңырау» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, осындай кезде жасөспірімдердің автокөлікті басқаруы мен жол жүру қағидаларын сақтамауы қайғылы оқиғаларға әкеп жатады.
Мұның алдын-алу мақсатында, жалға берілетін автокөліктерді жасөспірімдердің пайдалануына жол бермеуге және сіздер ата –аналар өз көліктеріңізді балаларыңызға басқаруға бермеуге шақырамыз.
Қандай да бір құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар туындай қалса, 102 және 112 арнасына хабарласуға болады.
Оқу жылы аяқталғанымен балалардың қауіпсіздігі назардан тыс қалмас емес. Осы орайда, түркістандық полицейлер оқушылармен кездескен болатын.