Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлаған екі күдікті ер адамды қолға түсірді.
Тексеру кезінде анықталғандай, ұйымдасқан екеуі қаражат табу мақсатында қылмыс жасаған. Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген құны 700 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған. Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттіліктеріне жұмсаған.
Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.