• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті

Автор:admin

Авг 29, 2024
Spread the love

Бүгін Полиция департаментінде ауқымы кең жиын өтті. Жедел кеңеске Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, аталған екі мекеменің басшы құрамымен облысқа қарасты полиция басқарма, бөлім басшылары және департаменттің жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ қалалық, аудандық полиция бөліністері селекторлық бейнебайланыс арқылы қосылды.
Күн тәртібінде «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының жай-күйі туралы» мәселе қаралды. Бұл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен Тергеу басқармасы басшысы Марат Кударов, Полиция департаментінен Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев баяндама жасады.
Жедел кеңеске төрағалық еткен департамент бастығы Мұрат Талапұлы, жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына, оның болашағына кері әсерін тигізетін індет. Осы дертке жол бермеу үшін, біз ай сайын өтетін жиналысымызда алдын алу шараларын, мәселелерін қараймыз. Өзгелердің қателігінен сабақ алып, заңсыз әрекеттерге мүлде жол бермеу керектігін қатаң ескертіп отырамыз деп жеткізді. Жедел кеңес соңында құқық қорғау саласында орын алған бірқатар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы бейнеролик көрсетілді. Жиналғандарға мұндай заңсыз әрекеттерге қашанда бөгет қойылып, заңмен жауапкершілігі қаралатыны ұғындырылды.
Өз кезегінде департамент басшысы Мұрат Ахтанұлы, қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыруын міндеттеді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерін Конституция мерекесімен құттықтап: «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіздер. Болмашы нәрсенің салдары немен аяқталатынын ұғындырыңыздар. Профилактика ретінде арнайы іс-шаралар мен дәрістерді үзіліссіз өткізіңіздер»-деп қорытындылады.
Жиын соңында елдің қауіпсіздігі мен заңдылығы жолында еңбек ететін маңызды құрылым басшылары бірлесіп, індетке жол бермеу мақсатында атқарылатын жұмысты жандандыруға уағдаласты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика