• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полиция департаментінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тіл апталығы басталды

Автор:admin

Сен 2, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған тіл апталығы бастау алды.
Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің базасында облыстық «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында апталық өтіп, 4 бағытта конкурс болады. Яғни полицейлер арасында мәнерлеп оқу сайысы, мақал-мәтел және жаңылтпаш айту байқауы, ұлттық аспаптарда ойнау, ән шырқау, өз шығармашылығынан орындау және «Менің парасатты полициям!» тақырыбында полицейлердің балалары арасында сурет салу жарысы өткізіледі.
Конкурсқа шығармашылыққа жақын қызметкерлер қатысады. Жеңімпаздар генерал М.Қабденовтың «Грамота», бағалы сыйлықтарымен марапатталатын болады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика