• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция бірнеше күнде адамдар көп шоғырланатын 12 обьектіні тексерді

Автор:admin

Апр 18, 2024
Spread the love

Бүгінде полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді, яғни тұрғындар көп шоғырланатын сауда және ойын-сауық орталықтарын, қоғамдық орындар мен кешендерді тексеруде. Мәселен Түркістан облысының полициясы террористік тұрғыдан осал обьектіге жататын облыс орталығындағы ірі кешендерді толығымен тексеруді бастады.
Анықталған кемшіліктер бойынша кешен басшылығына нұсқамалар беріп, уақытылы жойылуын қадағалады. Дәл осылай тексеру жұмыстарын облыс полициясы бірнеше күнде 12 обьектіге жүргізді.
Сонымен қатар кешен қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігі маңызды екенін және әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзетудің реттілігін айқындап берді. Департамент бастығының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика