Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Серікбаев аудандағы бірқатар мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың түрлері яғни құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу,тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамда белең алып отырған оқиғаларға тоқталды.
Сонымен қатар шарада жастарға лудомания, нашақорлық жайды жеректі фильмдер көрсету арқылы, осы әрекеттердің соңы немен аяқталатыны жайлы да сезіндіруді мақсат етті.
Аталған шара облыстың бас полицейі Мұрат Талапұлының тікелей тапсырмасымен орындалып жатқанын ескерсек, осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар оқушыларды құқықтық сауаттандыруға, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға көптеп көмегін тигізетіні анық, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.