Азаматтарды алаяқтардан сақтандыру мақсатында, полицейлер профилактикалық шараларды қарқынды атқаруда.
Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда тұрғындарға алаяқтық қылмысының түрлері, жасалу жолдары туралы айтып, оның алдын алу әдістерін кеңінен түсіндіруде.
Патрульдік полиция инспекторлары жүргізушілерге жадынамалар таратып, барынша сақ болуға шақыруда. Адамдар көп шоғырланатын орындарға ескерту парақтарын ілуде.
Бүгінде алаяқтар ұялы телефоныңызға қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін алдау арқылы ұсынып, ақырында есепшотыңыз бен депозитіңіздегі қаржыңызды сыпырып алады.
Сондықтан мұқият болып, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.