Түркістан облысы Полиция департаменті «Cyberpol» тобының қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Бұл жолы полиция азаматтарға арнап концерттік бағдарламада түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Концертке 3 мыңға жуық тұрғын қатысты. Оларға сахнада орналасқан лед экран арқылы полицияның алаяқтықтан сақтандыру мақсатында жасалған роликтері көрсетілді.
Айта кетейік, аталған қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында полиция түрлі әдіс тәсілдермен жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі